ESPN порталы 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты үміткер саналатын ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Тізімді жасауға басылымның 19 журналисі қатысқан. Олардың әрқайсы өздерінің үздік 15 құрамадан тұратын рейтингін жасаған.
Бірінші орынға болашақ әлем чемпионы болады деген команданы орналастырса, 15-орынға турнирде тосынсый жасауы мүмкін, бірақ әзірге басты фавориттердің қатарына кірмейтін құрама енгізілген.
ESPN рейтингі:
- Испания (15 журналист бірінші орынға қойған);
- Франция (төрт журналист бірінші орынға қойған);
- Англия;
- Португалия;
- Бразилия;
- Марокко;
- Аргентина;
- Германия;
- Норвегия;
- Нидерланд;
- Бельгия;
- Италия;
- Колумбия;
- Жапония;
- Мексика.
Айта кетейік, қазір Испания құрамасы - әлем және Еуропа чемпионы. Олар 2026 жылғы әлем чемпионатында топ жарса, оған дейін Еуро-2024 турнирінде де жеңіске жеткен болатын.
Сондықтан, ESPN сарапшыларының пікірінше, Испания - 2030 жылғы әлем чемпионатында да басты фаворит.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова