Футболдан Қазақстан мен Қытай құрамалары жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қытай құрамасы өзара жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Қытай футбол қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап sports.kz хабарлап отыр.

Аспан асты елінің Қазақстанмен өткізетін ойыны 7 маусымға жоспарланған.

Осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары алдында Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізетіні хабарланған еді. Ол ойын 30 тамызға жоспарланған.

4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Отандастарымыз Польша құрамасына қарсы ойнайтын болады. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы бақ сынайтын «Е» тобында Польшадан өзге Армения, Дания, Черногория мен Румыния құрамалары бар.