Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев бұған дейін тараған ақпараттарға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ол жақын арада "Ақтөбе" командасында қызметке бармайтыны туралы жазды.
Достар, жанкүйерлер бүгінде маған "Ақтөбе" футбол клубына жаттықтырушы болып бару туралы сұрақтар көптеп келіп түсуде. Ал менің басты мақсатым мен арманым – Қазақстан құрамасымен наурыз айындағы ойындарға бағытталған. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу – басты арманым әрі мақсатым. Сондықтан да құрметті достар және жанкүйерлер, жуық арада қандай да бір клубты жаттықтыру жоспарымда жоқ, - деп жазды Адиев әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, осыған дейін Магомед Адиев "Ақтөбе" футбол клубын жаттықтыратыны жайлы ақпарат тараған болатын.
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу үшін наурыз айында Грекияға қарсы ойнайды. Ұтатын болса Грузия – Люксембург құрамаларының ұтқанымен кездеседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!