Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің болашағына қатысты сыбыстарды сейілтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұның алдында Адиев грозныйлық "Ахмат" командасына бапкер ретіндегі үміткерлердің бірі екені туралы ақпар тараған.
"Қадірменді достар! Кейінгі уақытта БАҚ-та менің болашағыма қатысты біраз қаңқу сөз тарады.
Тағы бір рет басып айтқым келеді, менің бар назарым Қазақстан құрамасымен жұмыста және біз алдағы Еуро-2024 іріктеуіне дайындалып жатырмыз.
Менің бар ойым құрамада ғана, сондықтан іріктеу аяқталғанға дейін қосымша жұмыс туралы ешқандай мәселе қарастырылмайды. Позициямды барынша анық түсіндірдім деген үміттемін.
Қыркүйекте бізді Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы маңызды ойындар күтіп тұр. Жанкүйерлер қолдайды деп үміттенеміз және бәрін "Астана Аренада" күтеміз. Алға, Қазақстан!", - деп береді маманның сөзін ҚФФ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!