- Негізгі бет
- Спорт
- Футболдан Қазақстан құрамасы...
Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 4 саты жоғарылады
Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 4 саты жоғарылап, 100 құраманың қатарына қосылды.
Қыркүйек айында Магомед Адиев жаттықтыратын қазақ футболшылары Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Финляндияға 1:0 есебімен жол беріп, Солтүстік Ирландияны дәл осындай есеп айырмасымен ұтты. Нәтижесінде рейтингтегі көрсеткішін жақсартты.
Рейтингтің алғашқы ондығында аздаған өзгерістер бар. Португалия құрамасы 8-орынға көтерілсе, Италия 9-орынға сырғыған. Алғашқы үштікте орын алмасу болмаған. Аргентина – көш басында, Франция мен Бразилия құрамалары кейінгі екі орында.
1 (1). Аргентина - 1851,41 ұпай;
2 (2). Франция - 1840,76;
3 (3). Бразилия - 1837,61;
4 (4). Англия - 1794,34;
5 (5). Бельгия - 1792,64;
6 (6). Хорватия - 1747,83;
7 (7). Нидерланд - 1743,15;
8 (9). Португалия - 1728,58;
9 (8). Италия - 1727,37;
10 (10). Испания - 1710,72;
...100 (104). Қазақстан -1206,94.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA рейтингіндегі ең жоғарғы нәтижесі – 86-орын. 2016 жылы құрама осындай көрсеткішке жеткен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай