Футболдан 2026 жылғы Қазақстан кубогының финалдық матчы өтетін орын анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Шешуші кездесу 7 қарашада Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өтеді. Матч сағат 16:00-де басталады.
Кубок үшін Шымкенттің "Ордабасы" мен Қызылорданың "Қайсар" командалары таласады.
"Ордабасы" финалға Қазақстанның жаңа чемпионы мәртебесінде шығады. Шымкенттік клуб 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының алтын жүлдесін мерзімінен бұрын иеленді. Маусымның аяқталуына бір тур қалғанда Андрей Мартин шәкірттері 68 ұпай жинап, чемпиондыққа қол жеткізді. Бұл – "Ордабасының" 2023 жылдан кейінгі клуб тарихындағы екінші чемпиондығы. Биыл шымкенттік команда ел кубогын да жеңіп алса, "алтын дубль" жасайды.
Айта кетейік, екі финалист те бұған дейін Қазақстан кубогын екі реттен иеленген. "Ордабасы" 2011 және 2022 жылдары жеңімпаз атанса, "Қайсар" 1998/1999 жылғы маусымда және 2019 жылы кубокты жеңіп алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!