Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топта бірінші орын алды

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі футбол құрамасы Еуро-2027 турнирінің бірінші іріктеу кезеңін сәтті өткізіп, өз тобында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Ұлттық құрама екінші матчта Грузиямен 1:1 есебімен тең түсті. Бұған дейін қазақстандық футболшылар Аустрия құрамасын 7:0 есебімен жеңген еді.

Осы нәтижелерден кейін Қазақстан U17 құрамасы бірінші орын алып, іріктеудің екінші кезеңіне жолдама алды.

Екінші раундтың жеребесі желтоқсанда тартылады. Сынға түсетін 28 құрама төрт командадан жеті топқа бөлінеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!