Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері болып Айтпай Жамантаев тағайындалды.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті берген мәліметтерге сенсек, Бұған дейін бұл қызметті болгариялық Калоян Петков атқарған болатын.
Айтпай Жамантаев бапкерлік қызметін 1982 жылы бастаған. 1984 жылы "Целинник" (Целиноград) командасымен бірге КСРО чемпионатының 2-лигасының 8-аймағының жеңімпазы атанды. 2004-2006 және 2017-2018 жылдары ол еліміздің әйелдер құрамасын басқарды.
Айтпай Жамантаевқа әйелдер ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Бегайым Қырғызбаева көмектеседі. 8 және 12 сәуірде команда Словения мен Уэльске қарсы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында екі матч өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 4 сәуірде басталады.