Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда "БИІК-Шымкент" қыздар командасының бас бапкері қатар атқарады.
Бұған дейін бұл қызметте ресейлік маман Александр Семенов болған еді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.