Футболдан Италия құрамасының ең үздік сұрмергені қайтыс болды

Футболдан Италия ұлттық құрамасының ең үздік сұрмергені Луиджи Рива 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды елдің футбол федерациясы. 

Жексенбі күні Луиджи Рива жүрек талмасымен Кальяридегі ауруханаға түскен, дүйсенбі күні көз жұмды. 

Мен үшін өте қайғылы қаза. Италия футболы үшін қаралы күн, себебі нағыз ұлттық футбол жанашырынан айырылдық. Джиджи Рива еркін адам, ерекше футболшы болды. Оның таланты, ерекше ойлауы, әділеттілік жолындағы күресі миллиондаған жанға үлгі болды, - деп еске алды Италия футбол федерациясының президенті Гаьриэль Гравина.

Футболдан Италия чемпионатының алдағы ойындары даңқты тұлғаны еске алумен басталады. 

Луиджи Рива "скуадра адзурра" сапында 42 ойынға қатысып, 35 гол соққан. Голдар саны бойынша құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген. Шабуылшы 1968 жылы Еуропа чемпионы атанған, араға екі жылы сала әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. "Кальяри" командасымен 1969/70 жылғы маусымда Италия чемпионы болған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!