Футболдан Испания ұлттық құрамасы финалда Хорватияны пенальти сериясында ұтып, өз тарихында алғаш рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.
Роттердамда өткен финалдық ойында командалар бір-біріне гол соға алған жоқ. Қосымша уақытта қарсыластар бір-бірінің қапысын таба алмады. Нәтижесінде жеңімпаз ойын соңындағы пенальтиде анықталды. "Қызыл фурия" 5:4 есебімен басым болып, жарыс жеңімпазы атағына қол жеткізді.
Үшінші орын үшін өткен ойында Италия құрамасы 3:2 есебімен Нидерланд футболшыларын ұтып, жүлделі орынға ілікті.
Ұлттар лигасы осымен үшінші рет өтіп жатыр. Испания алғаш рет жеңімпаз болды. Бұған дейін Португалия мен Франция құрамалары жеңіс тұғырынан көрінген еді.