Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының басты фавориттері аталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының басты фавориттері аталды
Фото: ©UEFA

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдері аяқталуға жақындап келеді. 9 ұлттық құрама негізгі кезеңге жолдама алып үлгерді де. Goal.com басылымы жарыстың басты фавориттерін атады. 

Басылым ақпараты бойынша Еуропа чемпионатының басты фавориті – Франция құрамасы. Кейінгі жылдары француздар халықаралық жарыстарда сәтті ойнап келеді. Одан кейінгі фавориттер қатарында Англия мен Португалия орналасқан. 

Испания, Бельгия, Австрия, Германия, Шотландия, Түркия мен Венгрия құрамалары да жүлдеден үміттілер тізіміне енген. 

Еуропа чемпионатына шығу үшін Қазақстан құрамасы да барын салуда. "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Алдағы Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойында жеңіске жетер болса, қазақ футболшыларының жолдама алуына зор мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай