Франция құрамасы мен ПСЖ клубының бұрынғы ойыншысы Жером Ротен париждік клубтың аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзарту ниетін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz Le10sport сайтына сілтеме жасап.
Оның ойынша, аргентиналық алаңда клуб үшін күш салып жүрген жоқ.
"Меніңше, Меcсимен келісімшартты ұзарту - былжырақ. Онымен не үшін келісімді ұзартады, әсіресе имидж жағынан бұл қисынсыз. Ол клуб үшін, оны ілгерлетуге ешқандай еңбегі жоқ, жанкүйерлерге алғыс айтпайды. Ешқашан жағымды әрекет етуге тырыспайды, ешқандай күш салғысы келмейді", - дейді Ротен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!