Франция құрамасына бас бапкер болып келгелі отырған Зинедин Зиданның келісімшартына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция футбол федерациясы аңызға айналған маманмен келісімнің барлық шартын келісіп қойған.
RMC Sport мәліметінше, Зиданның Франция құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаны келесі аптаның соңына дейін ресми түрде жарияланады.
Франция футбол федерациясы келісімшартқа 21 шілдеден кешіктірмей қол қоюды жоспарлап отыр. Дереккөз ақпаратына сүйенсек, келісімнің барлық талабы келісілген, енді тек құжаттарға ресми түрде қол қою қалды.
Ақпаратқа сәйкес Зиданның Франция құрамасындағы негізгі айлығы - бонуссыз 300 мың еуро. Ал келісімде қарастырылған сыйақыларды қоса есептегенде, оның ай сайынғы табысы 450 мың еуроға дейін жетуі мүмкін.
Зидан ұлттық құрамада ауқымды бапкерлер штабын жасақтауды жоспарлап отыр. Оның құрамына 25 маман кіреді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз