Фируза Шәріпова қарсыласын 13-секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 29 сәуірде Алматыда өткен OCTAGON 44 турниріне қатысты. 28 жастағы Шәріпованың қарсыласы 22 жастағы ресейлік Илона Бондаренко болды.

Қазақстандық спортшы бұған дейін екі жекпе-жегінің алғашқы раундында-ақ жеңіске жеткен. Бұл жолы да Шәріпова бірден шабуылға шығып, қарсыласына бірнеше соққы жасап, кездесудің 13-секундында оны нокаутқа түсірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!