- Негізгі бет
- Спорт
- Финляндия гимнастикадан...
Финляндия гимнастикадан Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
24-26 қараша аралығында Алматыда өтетін спорттық гимнастикадан командалық әлем чемпионатына Финляндия құрамасы Ресей мен Беларусь командаларына қатысуға рұқсат берілгендіктен қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Халықаралық эстетикалық гимнастика федерациясы (IFAGG) ұйымдастырушы елге чемпионатқа кім қатыса алатынын шешуге рұқсат берді. Ал Қазақстан ресейліктер мен беларусьтердің қатысуына қарсы санкция салған жоқ.
"Өкінішке қарай, IFAGG кеңесі мен мүшелерінің арасында біздің ұстанымымыз және ресейліктер мен белорустар бәсекеге түспеуі керек деген көзқарасымыз азшылыққа ұшырады. Біз халықаралық қауымдастықтағы шешім қабылдаушыларға белсенді түрде әсер еттік. Бұл жағдайда біз ештеңе істей алмадық, тек турнирге қатысудан бас тарттық. Бұл - жыл бойы жаттығып, әлем чемпионатына дайындалған спортшыларымыз үшін өте жағымсыз жағдай", - деді Финляндия гимнастика қауымдастығының президенті Кайса Виккула.
Алматыда өтетін жарысқа Финляндиямен қоса, Эстония спортшылары да қатыспайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан