Финалға жетті. Қазақстан волейболдан халықаралық турнирдің алтынына таласады

Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан "AVC шақыру кубогі" турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті.

Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Австралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!