Қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 44 турниріндегі кештің басты кездесуінде күтпеген жеңіліске ұшырағаннан кейін эмоциясын тыя алмады. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
28 жастағы файтер 21 жастағы ирандық Паям Назаримен кездескен. Екінші раундта ол Еркебұланды алдымен тура соққымен нокдаунға түсіріп, кейін тұншықтыру әдісімен жеңді.
Жекпе-жегінде айламен жеңілген Тоқтар төбелес соңында әдепсіз сөйлеген.
"Жігіттер, қыздар, қолдауларыңызға рахмет! Мен б.., ММА-ны қоям. Ей, нағыз жұдырықпен төбелесетін бар ма?! Аяққа жабысып...күрес әдісін қолданады. Күрес әдісістерін жаттығуға уақытым жоқ! Менімен жұдырықтасатын адам бар ма? Кез келгенін жеңемін" — деді Тоқтар.
Ол Instagram парақшасында хейтерлерге үндеу жолдап, енді тек жұдырықтасатынын ғана айтты.
Еске салайық, дәл осы турнир аясында Фируза Шарипова ММА бойынша үшінші рет жеңіске жеткен болатын.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!