Евлоев Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін белдеседі.

Жартылай финалда ол алжирлік Сид Бачирден басым түсті.

Шешуші белдесуде қазақстандық балуан әлем чемпионы (82 келі) Голамреза Фарохимен (Иран) кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз