Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті

Евгений Кошкин Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан "Күміс шар" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықта топ жарды.

Евгений Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да бірінші болып мәреге жетті. Шешуші жарыста ол 9,56 секундта келді.

Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук иеленді: 9,69 секунд. Ал Мац ван де Бос (Нидерланд) 9,82 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget