Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 сағатта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!