Еуропа лигасының ширек финалында кездесетін командалар белгілі болды

Еуропа лигасының ширек финалында кездесетін командалар белгілі болды

Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, ширек финалда бақ сынайтын командалар анықталды.

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

"Севилья" (Испания) - "Зенит" (Ресей)

"Днепр" (Украина) - "Брюгге" (Бельгия)

"Динамо" (Украина) - "Фиорентина" (Италия)

"Вольфсбург" (Германия) - "Наполи" (Италия)

Ширек финалдағы бірінші ойындар 16 сәуірде болса, қарымта кездесулер араға бір апта салып (23 сәуірде) жартылай финалға шыққандарды анықтайды. Ал 2014/2015 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының финалдық ойыны 27 мамыр күні Варшава қаласында өтеді. 

Сурет: reporterntv.ro

Н. Айдархан
Logotype Massaget