Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) биылғы Еуропа лигасының ең үздік футболшысын анықтады. Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, "Севилья" ойыншысы Хесус Навас үздік деп танылған.
37 жастағы испан футболшысы биылғы Еуропа лигасында 9 ойынға қатысқан. Бір рет нәтижелі пасымен көзге түскен.
Айта кетейік, биылғы Еуропа лигасын "Севилья" ұтып алды. Нәтижесінде осы жарыста 7-рет топ жарып, жеке рекордтарын жаңартқан болатын.
Ал жарыстың ең жас үздік ойыншысы марапатына "Байер" командасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ие болды.