Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Джисумен белдесті.

Нәтижесінде отандасымыз иппонмен жеңіске жетті.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы жапониялық Наруми Таниока болмақ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!