Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Джисумен белдесті.
Нәтижесінде отандасымыз иппонмен жеңіске жетті.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы жапониялық Наруми Таниока болмақ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова