Аустралиялық боксшы Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Зерафаның Fox Sports Australia арнасына берген сұхбатында айтқаны бойынша, ол Головкинмен орта салмақтағы чемпиондық белбеулер үшін наурызда Аустралияда айқасу туралы ауызша келісімге келіпті.
Сонымен бірге, 30 жастағы Зерафа 40 жастағы GGG-ді жеңер болса, отандасы Тим Цзюмен жекпе-жекті талап ететінін айтқан.
Мұның алдында Головкин IBF белбеуіне міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні айтылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!