Есет Қуанов әлем чемпионатынан шығып қалды

Есет Қуанов әлем чемпионатынан шығып қалды
Фото: Cпорт комитеті

Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың үшінші күні татамиге 73 келі салмақ дәрежесіндегі отандасымыз Есет Қуанов шықты.

"Алғашқы кездесуінде ол Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жоан-Бенжамен Габадан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Осылайша әлем чемпионатының үшінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан еншісінде Әбиба Абужақынова жеңіп алған бір күміс медаль бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget