Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы басталады. Қазақстан атынан жарысқа тоғыз спортшы қатысады.
Ерлер арасындағы жеке сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жеке сында Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен бақ сынайды.
Мұздағы биде Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев Қазақстан намысын қорғайды.
Айта кетейік, турнир 11 қазанда аяқталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!