- Негізгі бет
- Спорт
- Еркін күрестен Олимпиадаға...
Еркін күрестен Олимпиадаға баратын қазақ балуандары белгілі болды
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Токио Олимпиадасында бақ сынайтын балуандар тізімін жариялады. Отандық еркін күрес шеберлері төртжылдық додасында бес салмақ дәрежесінде белдеседі, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды:
57 кило: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)
65 кило: Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)
74 кило: Данияр Қайсанов (ШҚО)
97 кило: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)
125 кило: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)
Бас бапкер Әсет Серікбаевтың айтуынша, 74 және 125 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға кімдердің қатысатыны ең соңғы сәтке дейін белгісіз болған.
Балуандарымыз Польшада өткен Вацлав Циолковский мемориалында сынға түсті. Бұл рейтингілік турнир болғандықтан, кейбір салмақтағы мәселелер осы бәсекеден соң шешіледі деген қорытындыға келдік. Біз 74 және 125 келідегі балуандарды осы жарыста бақылап, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыны Токиоға апаруды жоспарладық. Өздеріңіз де көрдіңіздер, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) турнирде үздік үштік қатарына енді. Елге келген соң бапкерлермен ақылдасып, соңғы рейтингілік турнирде жүлдеге іліккен спортшыларды құрамға қостық. Біз бәріне де мүмкіндік бердік. Олимпиаданың басталуынан бір айдан сәл ғана асатын уақыт қалды. Мақсатты түрде дайындалу үшін құрамды жарияладық. Токио ойындарына дейін екі-оқу жаттығу жиынын өткіземіз, - дейді Серікбаев.
Токио Олимпиадасында күрес түрлерінен бәсеке 1-7 тамыз аралығында өтеді.