Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Едіге Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен жеңді.
Айта кетейік, 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков те қола жүлдеге қол жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова