Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен жеңді.
Шешуші белдесуде Едіге Қасымбек ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз