Еркін күрестен әлем чемпионаты: Едіге Қасымбек алтын алды

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 125 келіге дейінгі салмақта Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!