Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан турнирде қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Ал қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!