Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы белгілі болды

Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: instagram.com/nomadfighting/

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар 12 желтоқсанда Алматыда октагонға шығады. Оның қарсыласы "Venom" лақап атымен танылған ресейлік Магомед Зайналов болмақ, деп хабарлайды Massaget.kz.

Жекпе-жек Almaty Arena спорт кешенінде өтетін IBA NOMAD турнирі аясында ұйымдастырылады. Қос спортшы жартылай орта салмақта күш сынасады.

Бұл Магомед Зайналовтың IBA NOMAD промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget