Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 жастағы файтер Instagram-да видео жариялады. Кадрда ол мотоциклімен көлікке соғылып, оған зақым келтіргені көрінеді.
Еркебұлан Тоқтардың өзі де, көлігі де зардап шекпеген.
"Бүгін Құдай сақтады. Бүгінгі болған жағдайды былай түсіндім: Алла тағала "Еркебұлан, азартына кірме" деді. Маған "мынадай бола салады, жол апаты қалай болғанын түсінбей қаласың" деп жай көрсетті. Мотоциклмен арасында сенбі-жексенбіде, көлік аз кезде асықпай бір айналып келу керек. Азартына кіріп бара жатқан едім. Күнде шығып кеттім. Көлікке мінбей қойдым. Байқап жүру керек", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт бойы поп-MMA-да өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан актер. Оның қазіргі рекорды - 11-3. Актердің парақшасына 2,3 миллион адам жазылған.
Еркебұлан Тоқтар Арменияда өткен кейінгі жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбекұлынан жеңіліп қалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова