Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Танымал ММА файтері, актер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы мәліметінше, әлеуметтік желіде спортшы балағат сөз айтқан видео анықталған.

Материалдарды Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Еркебұлан Тоқтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылған.

Сот оған 20 АЕК (2026 жылы бұл - 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салған.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар - ұзақ уақыт поп-ММА-де өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой ММА-ге ауысқан актер. Бүгінде оның рекорды - 11-3.

Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы заңсыз контентке жауапкершілікті күшейту қажет екенін айтты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз