Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Қазақстандық таеквондошы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде еншіледі. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде иорданиялық Джафар Альдаудқа есе жіберді.
Осылайша, ол Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова