Қазақстандық балуан Еркебұлан Анапия Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде Грекия өкілі Адамантиос Пападатосты 8-1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Еркебұлан Анапия қола жүлде үшін өтетін белдесуде Иран спортшысы Амир Махди Саиди Навамен кездеседі.
Ал Бахтияр Қазиев 130 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде қытайлық Чэнмао Цуйға 7-1 есебімен жол берді.
Айта кетейік, финал бүгін өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!