Кубалық боксшы Давид Моррел (9-0, 8 KO) 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ямагучи Фалькаоны (24-2-1, 10 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешінде өтті. Алғашында бразилиялық боксшы есеңгіреп қалды, ал кейін Моррел шабуылын үдетіп, қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, кубалық боксшы суперорта салмақта WBA World белбеуін қорғап қалды.
Айта кетейік, 2022 жылы қарашада Моррел қазақстандық Айдос Ербосынұлын 12-раундта ауыр нокаутқа түсірген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!