Ербол Хамитовқа “Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері“ атағы берілді

Миланда өткен қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовқа "Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері" атағы берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов отандық спорттың дамуына қосқан елеулі үлесі және халықаралық ареналардағы жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын табыстады.

Ербол Хамитов - Қазақстанның пара спорттағы әлемдік деңгейдегі жетекші спортшыларының бірі. Ол пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бірдей жоғары нәтиже көрсетіп, төзімділік, дәлдік және тактикалық шеберлікті шебер ұштастыра біледі. Сонымен қатар, ол Қазақстан тарихында пара биатлоннан Әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жетіп, хрусталь глобусты иеленген алғашқы спортшы атанды.

Жуырда Италияның Милан-Кортина қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиадада Ербол Хамитов ел қоржынына пара биатлоннан алтын, пара шаңғы жарысынан қола медаль салды. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы ХIV қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жетістігі үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!