Ербол Хамитов пен оның бапкерлеріне ордендер табысталды

Ақордада ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы ХIV қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жетістігі үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке "Парасат" ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Үміт" мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа "Құрмет" ордені табысталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!