Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринтте қола медаль жеңіп алды.

Ол бұл қашықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.

Айта кетейік, бұл жарыста алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!