Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 килоға дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова топ жарды. Балуан қыз қарсыластарының барлығын айқын жеңіп шықты.
Финалда Эльмира Қырғызстаннан келген Айпері Медетқызымен белдесті. Қарсыласын 4:0 есебімен ұтып, алғаш рет Азия чемпионы атанды. Осыған дейін Азия чемпионатында 2 күміс, 3 қола алған еді.
Айта кетейік, бүгін өткен әйелдер арасындағы күрес бәсекесі Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге негіз бар. 50 килоға дейінгі салмақта Валентина Исламова-Брик те топ жарып, алтын алған болатын. 55 килоға дейінгі салмақта Айша Уәлишан қола жүлдегер атанды.