Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
WTA 500 санатындағы жарыс Брисбенде 4–11 қаңтар аралығында өтеді.
Жоғары рейтингінің арқасында Елена алғашқы айналымды өткізбей, бірден екінші айналымнан бастайды. Оның екінші айналымдағы қарсыласы АҚШ теннисшісі Эшлин Крюгер (№44) мен іріктеуден өткен "сәтті жеңімпаздардың"(lucky loser) бірінің матчінен кейін белгілі болады. Рыбакинаның алғашқы ойыны 6 қаңтарға жоспарланған.
Рыбакина тұрған ширекте ресейлік Екатерина Александрова (№7) бар. Ал жартылай финалда оның ықтимал қарсыласы ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко аталып отыр.
2024 жылы Рыбакина Брисбен турнирін жеңіп, финалда дәл осы Соболенконы ұтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!