Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі TengriSport-қа сілтеме жасап.
Рыбакина турнирдің 1/32 финалында ресейлік 24 жастағы Анна Калинскаяға қарсы ойнайды.
Калинская бірінші матчта чехикалық 16 жастағы теннисші Бренда Фрухвиртовамен ойнап, үш сетте 2:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Рыбакина мен Калинская биылғы наурыздың соңында Майамиде өткен турнирдің 1/32 финалында кездескен еді.
Қазақстандық теннисші оны үш сетте (7:5, 4:6 және 6:3) ұтып, Америкадағы турнирдің финалына дейін жетіп, соңғы матчта чехиялық Петра Квитовадан жеңілді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік. Ол америкалық теннисші, әлемнің 55-ракеткасы Клер Лиді 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Енді қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің келесі кезеңінде франциялық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!