Елена Рыбакина WTA рейтингінде үздік үштіктен шығып қалуы мүмкін

Елена Рыбакина WTA рейтингінде үздік үштіктен шығып қалуы мүмкін
Фото: @Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Халықаралық әйелдер теннисі рейтингінде (WTA) үздік үштіктен шығып қалуы мүмкін, - деп жазады Tennisuptodate.com. 

Америкалық теннисші Джессика Пегула 31 шілде мен 6 тамыз аралығында Вашингтонда өтетін жарысқа қатысады. Егер сәтті ойнап, ширек финалдан асып жатса, онда үздік үштікке оралады. 

Рыбакинада демалыс аптасы. WTA 500 Mubadala Citi Open жарысының нәтижесіне байланысты WTA рейтингіндегі үздіктер арасында өзгерістер болуы мүмкін. Джессика Пегула жарыстағы басты фавориттердің бірі. Ширек финалға шықса, үздік үштіктегі орнын қайтарады. Ол бірінші раундты қарсылассыз өткізеді. Екінші айналымда София Кенинмен немесе іріктеуден өткен өзге теннисшімен ойнайды. Ұтатын болса уақытша болса да Рыбакинаны төменгі орынға сырғытады, - деп жазады басылым. 

Елена Рыбакина 7-13 тамыз аралығында өтетін Монреальдағы WTA 1000 жарысына қатысады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай