Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін 2 миллион доллар табыс тапты, - деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Төменде спортшының "Үлкен дулыға" турнирлерінде өнер көрсеткені үшін алған барлық гонорары көрсетілген. Ол барлығы 3 745 108 доллар табыс тапқан.
"Ролан Гаррос"-2019: бірінші айналым, 40 000 доллар
US Open-2019: бірінші айналым, 58 000 доллар
Australian Open-2020: үшінші айналым, 124 138 доллар
US Open-2020: екінші айналым, 100 000 доллар
"Ролан Гаррос"-2020: екінші айналым, 84 000 доллар
Australian Open-2021: екінші айналым, 115 500 доллар
"Ролан Гаррос"-2021: ширек финал, 283 500 доллар
Уимблдон-2021: 1/8 финал, 211 770 доллар
US Open-2021: үшінші айналым, 180 000 доллар
Australian Open-2022: екінші айналым, 102 200 доллар
"Ролан Гаррос"-2022: үшінші айналым, 126 000 доллар
Уимблдон-2022: титул, 2 320 000 доллар