Елена Рыбакина Уимблдон турнирін сәтті бастады

Елена Рыбакина Уимблдон турнирін сәтті бастады
Фото: Steven Paston/PA

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турниріндегі алғашқы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина алғашқы айналымда румыниялық теннисші, әлемнің 152-ракеткасы Елена-Габриэла Русемен ойнады.

Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Елена Рыбакина ойын кезінде үш рейт эйс жасап, үш рет допты ойынға бере алмады. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдалана білді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget