Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 3 маусымда Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирдің 1/8 финалында испаниялық теннисші Сара Соррибес Тормомен ойнауы керек еді.
Алайда ұйымдастырушылар Елена Рыбакинаның турнирді жалғастырудан бас тартқанын хабарлады.
Айта кетейік, "Ролан Гаррос" турнирінде жекелей сында ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірде-бір теннисші қалған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!