Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia турнирінің жартылай финалындағы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен ойнады.
Матч Римдегі жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды, ойын үзілістерді есептемегенде, 1 сағат 33 минутқа созылды.
Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Енді қазақстандық теннисші турнирдің финалында украиналық теннисші Ангелина Калининамен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!